Салаттар кыскы – «ЛЕЧО» салатының өте дәмді 5 ТҮРЛІ рецепті

«ЛЕЧО» салатының өте дәмді 5 ТҮРЛІ рецепті

ЛЕЧО салатын жасауды білесіз бе? Егер ұмытып қалған болсаңыз, біз ұсынған мәзірлерді қараңыз.


Дәл қазір көкөніс бағалары арзандап, самсап пісіп тұрған шағы. Ал, қысқа дайындық жасап, «банка жауып алу», әрине, әйелдердің жылдағы үйреншікті шаруасы. Алайда бүгінгінің балалары не берсең соны жей бермейді. Таңдап, талғап барып дәмін көреді. Сондықтан да қыстық салаттардың да «дұрысырағын» жабу керек.

Сондықтан да өзі дәмді әрі тәтті, балалар сүйіп жейтін лечо салатын жасаудың түрлі әдістерін үйреніп алыңыз.

Болгар бұрышы мен қызанақтан жасалған лечо


Қажетті өнімдер

  • 2 келі қызанақ
  • 100 мл өсімдік майы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 3 келі болгар бұрышы
  • 10-15 түйір ірі қара бұрыш
  • 9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы

Дайындалуы

  1. Қызанақты еттартқыштан өткізіп, қазанға құйыңыз. Сосын өсімдік майын, қант пен тұзды салып, араластырыңыз. Отқа қойып, 20 минуттай қайнатыңыз.
  2. Осы уақыт өткен соң ірілеп туралған болгар бұрышын саласыз. Қақпағын жауып тағы да 20 минуттай қайнатасыз. Ірі қара бұрыш пен сірке суын құйып, 5 минут қайнатыңыз. Дайын салатты зарарсыздандырылған банкаларға құйып, жауып ала бересіз.

Тағы да оқыңыз:

Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат

Қияр қосылған ЕРЕКШЕ лечо


Қажетті өнімдер

  • 1 келі қызанақ
  • 1 келі болгар бұрышы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 100 мл өсімдік майы
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • 2 келі қияр
  • 100 мл алма сірке суы

Дайындалуы

  1. Еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесіне туралған болгар бұрышын, қант пен тұз, май, майдаланған сарымсақты салып, жақсылап араластырыңыз. Сосын отқа қойып қайнатасыз. Қақпағын жауып, жай отта 15 минут қайнатыңыз.
  2. Қиярды дөңгелектеп тураңыз. Егер қияр ірілеу болса ортасынан бір бөліп жіберуге болады. Туралған қиярды қазанға салып, сірке суын құясыз. Араластырып, қақпағын жауып, тағы да 15 минуттай қайнатасыз.

Кәді қосылған лечо

Қажетті өнімдер

  • 1 кг болгар бұрышы
  • 1 кг кәді (кабачок)
  • 2 кг қызанақ
  • 200 мл өсімдік майы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 3 тіс сарымсақ
  • 100 мл алма сірке суы

Дайындалуы

  1. Болгар бұрышы мен кәділерді ірілеп тураңыз. Егер жас әрі балғын кәділерді пайдаланатын болсаңыз, онда тазалаудың қажеті жоқ. Ал, ірілеу кәділер болса қабығын аршып, дәндерінен тазартасыз. Сөйтіп текшелеп турайсыз.
  2. Қазанға еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесін құйып, 5 минуттан соң көкөністерді салыңыз. Қақпағын жауып, қайнатыңыз.
  3. Сосын майды, қант пен тұзды салып, 15 минут қақпағын ашпай жай отта қайнату керек. Ал, салат дайын болуға 5 минуттай уақыт қалғанда майдалап туралған сарымсақты, сірке суын қосуды ұмытпау керек.

Баялды қосып дайындалған лечо

Қажетті өнімдер

  • 2 кг қызанақ
  • 50 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 50 мл өсімдік майы
  • 1 ас қасық 9 пайыздық сірке суы
  • 1 кг болгар бұрышы
  • 1 кг баялды (баклажан)

Дайындалуы

  1. Қызанақтарды еттартқыштан өткізіп, қазанға құйыңыз. Оған өсімдік майы мен қантты, тұзды салып, сірке суын қосыңыз. Сөйтіп қайнатыңыз.
  2. Болгар бұрышы мен баялдыны текшелеп әрі ірілеп турап, қайнап тұрған ыдысқа саласыз. Барлығын бір араластырып, қақпағын жауып қойыңыз. 10-15 минут қайнаған соң, салат дайын болады.

Сәбіз бен пияздан дайындалған лечо


Қажетті өнімдер

  • 2 кг қызанақ
  • 150 мл өсімдік майы
  • 100 гр. қант
  • 1-2 ас қасық тұз
  • 9 пайыздық 1 ас қасық сірке суы
  • 500 гр. сәбіз
  • 1 кг болгар бұрышы
  • 300 гр. пияз

Дайындалуы:

  1. Еттартқыштан өткізілген қызанақ езбесін ыдысқа құямыз. Отқа қойып, май, қант, тұзды саламыз. Сірке суын құйып, қайнатамыз. Қайнаған соң ірі үккіштен өткізілген сәбізді саламыз. Сөйтіп 15 минут қайнату керек.
  2. Содан соң ірілеп туралған болгар бұрышы мен пиязды салыңыз. Лечоны тағы да 20 минут қайнатамыз. Дайын салатты банкаларға құя беруге болады.

Әзірлеген: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Қарбыз бен қиярдан СУПЕР салат

Банан қосылған нан: ДӘМІ ТІЛ ҮЙІРЕДІ

Үйде дайындаймыз: ШІЛДЕДЕ шөл басатын ШАЙДЫҢ екі түрі

ernur.kz

Қысқа арналған салаттар

Қысқа арналған салаттар

Жаз мезгілінде демалып қана қоймай, қыстың қамын ойлағанымыз жөн. Қазірден бастап тосап пен түрлі салат дайындап қоятын болсақ, қыста рахаттана отырып жейтін боламыз. Осыған орай, назарларыңызға қысқы салаттарды ұсынуды жөн көрдік.

1. Қызанақ, баялды және бұрыштан жасалған салат

Қажет азық-түліктер:

— 1,5 кг қызанақ;

— 1,5 кг баялды;

— 700 г болгар бұрышы;

— 500 г сәбіз;

— 6 мл өсімдік майы;

— 1 бас сарымсақ;

— 5 г қант;

— 30 г тұз;

— ащы бұрыштың 1/3 бөлігі.

Дайындалуы:

Қызанақты еттурағыштың көмегімен майдалаймыз. Қалған көкөністерді үлкен етіп кесеміз. Кесілген баялдыны тұздаймыз. Сарымсақты майдалап тураймыз. Қазанға өсімдік майын құйып, бәдіні қуырамыз. Арада 15 минут өткен соң бұрыш пен сәбізді саламыз. Мұны тағы 10 минут қуырамыз. Тұз бен қант, томат салып, 45 минут бұқтырамыз. Соңында сірке қышқылын, сарымсақты және ащы бұрышты қосамыз. Дайын болған салатты банкілерге салып, сыртын орамалмен жабамыз.

2. Кәді мен баялдыдан жасалған салаттар

Қажет азық-түліктер:

— 500 г баялды;

— 500 г кәдіш;

— 500 г болгар бұрышы;

— 500 г сәбіз;

— 700 г қызанақ;

— 100 г сарымсақ;

— 50 г 9 пайыздық сірке қышқылы;

— 150 г өсімдік майы;

— 100 г қант;

— 35 г тұз қажет.

Дайындалуы:

Баялдыдан өзге көкөністің барлығын тазалаймыз. Сарымсақты дөңкелектеп тұрап, сәбізді үккіштен өткіземіз. Кәді мен баялдыны үлкен етіп кесеміз. Бұрыштың дәнектерін алып, оларды да үлкенірек етіп тураймыз. Сірке қышқылы мен майды, тұз бен қантты бөлек ыдысқа салып, 3 минут көлемінде қайнатамыз. Осы қоспаны көкөністердің үстіне құямыз. Артынша барлығын 40 минут бойы бұқтырамыз. Салатымыз дайын!

3. Орамжапырақ салаты

Қажет азық-түліктер:

— 5 кг ақбас орамжапырақ;

— 1 кг сәбіз;

— 1 кг пияз;

— 1 кг қызыл болгар бұрышы;

— 0,5 л сірке қышқылы;

— 0,5 л өсімдік майы;

— 350 г қант;

— 4 ас қасық тұз.

Дайындалуы:

Орамжапырақ, пияз, бұрыш үшеуін тураймыз. Ал сәбізді үккіштен өткіземіз. Барлығын қатты күш салмай араластырамыз. Үстіне сірке қышқылы, қант, тұз, өсімдік майын қосып, жақсылап араластырамыз. Арада үш күн өткен соң банкіге салып, тоңазытқышқа саламыз. Бұл салат әдетте ұзақ мерзім бойы сақталады. Астарыңыз дәмді болсын!

massaget.kz

​Ең ерекше салаттар

Жақын күндері қонақ шақыруды жоспарлап, салаттар мәзірін таппай жүрген болсаңыз, түрлі салаттар рецептерін ұсынамыз. Жазып алыңыз!

фото: puzzleit.ru

Қонақ шақырарда әрбір үйбикесі дастарханын жайнатып, барлық тағамдарды дәмді етіп әзірлегенді қалайды. Оның ішінде салатқа ерекше мән береді. Өйткені қызыл-жасыл, сары түсті көкөністерден дайындалатын салаттар дастарханның сәнін келтіріп, хош иісімен келген қонақтарды баурай түсетіні сөзсіз. Жақын күндері қонақ шақыруды жоспарлап, салаттар мәзірін таппай жүрген болсаңыз, түрлі салаттар рецептерін ұсынамыз. Жазып алыңыз!


Тез дайындалатын «Патша» салаты

фото: kushat.net

Қажетті өнімдер:

  • 4 дана жұмыртқа
  • 240 гр. краб таяқшалары
  • 300 гр. қатты сыр
  • 100 гр. кептірілген нан
  • 2-3 тіс сарымсақ
  • жарты дана лимон
  • майонез

Дайындалуы: Алдымен краб таяқшаларын текшелеп тураймыз. Сосын жұмыртқаны қайнатып, оны да текшелеп турау қажет. Ал, қатты сырды ірі үккіштен өткізесіз. Сарымсақты аршып, майдалап тураңыз немесе арнайы құралмен майдалаңыз.

Барлық керектілерді табаққа салып, майонез, кептірілген нан мен лимон шырынын құясыз да, барлығын жақсылап араластырасыз. Жақсылап араластырғаннан кейін салат та дайын болады.

Тауық етінен «ашқарақ» салаты

фото: chef.tm

Қажетті өнімдер:

  • 400 гр. тауық еті
  • 1-2 дана сәбіз
  • 1-2 дана пияз
  • 2-4 дана маринадталған қияр
  • 2-4 тіс сарымсақ
  • Қуыру үшін өсімдік майы қажет
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш
  • 2-3 ас қасық майонез

Дайындалуы:

Тауық етін тазалап жуып алыңыз. Сосын қазанға су құйып, етті саласыз да, қайнатасыз. 20 минуттай қайнату жеткілікті.

  • Пиязды аршып, жуыңыз да майдалап тураңыз.
  • Сәбізді де аршып, майда үккіштен өткізіңіз немесе ұзыншалап әрі жіңішкелеп турап шығыңыз.
  • Тауық етін сүйегінен ажыратып, орташа көлемде турайсыз. Егер ет тым жұмсақ болып піскен болса қолмен үзіп шығуға да болады.
  • Осыдан соң табаға азырақ өсімдік майын құйып, сәбізді қуырып алыңыз. Артынша пиязды салып, оны бөлек қуырыңыз. Содан соң сәбізді де, пиязды да суытып қою керек.
  • Сарымсақтыаршып, майдалап тураңыз.
  • Ал, маринадталған қиярды ұзыншалап әрі жіңішке етіп турайсыз.
  • Соңында барлық қоспаларды табаққа салып, майонез қосасыз да араластырасыз.

Ананастан күтірлек салат

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. тауық еті
  • 200 гр. консервіленген ананас
  • 200 гр. қатты сыр
  • 100 гр. ақ нан
  • 40 мл өсімдік майы

Дайындалуы:

Тауық етін ірілеп турап алу керек.

Табаға май құйып, қыздырып, етті қуырады. Етті қызарғанша қуырып, тәрелкеге салып алыңыз. Сосын табаға текшелеп туралған нанды салыпқызарғанша қуырыңыз.

Консервіленген ананасты да текшелеп турау керек.

Сырды ірі үккіштен өткіземіз.

Қуырылған етті, ананас пен сыр, кептірілген нанды табаққа салып араластырамыз.

Тұздық ретінде майонез қосуға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ

ernur.kz

Қуырмаш салатын жабайық (фоторепортаж) | Otyrar.KZ

ҚУЫРМАШ САЛАТЫ

«Жаз шанаңды қыс сайла» немесе «Жаздың бір күні қыстың бір айына азық» дейді атам Қазақ. Өнімі мол жаз айларында адамзат баласы қысқа қам жасайды. Бірі қысқы отын жинаса, енді бірі азық-түлік қорын қамдайды. Сондай қамданудың бірі — банкі жабу. Бакні дегенде көз алдымызға түрлі қайнатпалар, тәтті тосаптар мен компот елестейді. Ал солардың арасында салаттың орны ерекше.

Салаттың түрі көп. Негізгі бірнеше түрін әр жердің адамдары сәл өзгертіп, жаба беруі мүмкін. Аты да өзгеше аталып кетеді. Сол салаттың бірі әрі ең көп тарағаны — «Қуырмаш» салаты. Қуырылған салат деп атауға да болады.

Өткен жексенбі күні ауылға бардық. Ұлдар жағы сабан жинасақ, қыздар мен келіндер салат жапты. Биыл анам банкі жабудан демалды. Тек бас-сөз болып жүрді. Бірақ, осы тірліктің ең маңызды сәті — банкі қақпағын өзі жапты. Сол салат жабу сәттерін суретке түсіріп алған едім. Сіздермен бөлісе отырайын.

Салат жабуға қажетті заттар

* 10 келі қызанақ
* 3 келі сәбіз
* 2 келі баклажан
* 2 келі болгар тәтті бұрышы
* 1 келі пияз
* 300 грамм сарымсақ
* 700 грамм өсімдік майы (тұшығаны)
* Қажет болса, 2 келі орамжапырақ та қосуға болады
* Шыны банкілер
* Шағын тақтайлар, өткір пышақтар, ет тартқыш, үлкенді-кішілі ыдыстар

Салатқа қажетті көкөністі сатып алсаңыз да болады. Күзге қарай арзандап қалады. Дегенмен, өз бақшаңыздағы өнімді пайдаланғанға не жетсін?!

Сонымен, бастаймыз. Ең алдымен, «Бісмиллә» деп алайық. Онсыз болмайды. Жиналған көкөністерді жақсылап жуып аламыз. Арасында шірігендері, езілгендері болса, алып тастау керек.

Содан кейін ең бірінші баклажанның қабығын аршимыз. Себебі, бұл көкөністің ащы дәмі болғандықтан, өзге жұмыстарды бастамай тұрып, тездетіп турап, тұзды суға бастырып қою керек. Сонда жағымсыз дәмі кетеді. Әйтпесе, жапқан банкі атылып та кетуі мүмкін. Осы тұста кейбір үй бикелері салаттың осы түріне баклажан да қоспайтынын айта кету керек.

Туралған баклажанды терең ыдыс, мысалы, кастрөлге салып, үстіне тұзды су құямыз. Сосын ауыр затпен бастырып қою керек.

Осыдан кейін өзге көкөністерді жуамыз. Әрқайсын бөлек шараға саламыз. Келесі жұмыс — тәтті болгар бұрышын турау. Алдымен сабағы мен өзегін алып тастаймыз. Содан кейін 4 бөлікке бөліп, майдалап турау керек.

Ұзыншалап тураймыз

Осы кезде өзге адамдар сәбізді, пиязды майдалап турай береді. Адам саны аз болса, болгар бұрышынан кейін турайсыз. Сарымсақты да ұмытпаймыз.

Сарымсақты аршып, майдалап тураймыз

Бұл жұмыстар аса қиын емес. Ең ұзақ әрі мұқият атқарылатыны — қызанақ. Оны жуып, екі немесе үш бөлікке бөлеміз (қалауыңызша). Содан кейін еттартқыштан өткізу керек.

Қызанақты қалауыңызша екі немесе үш бөлікке бөліңізОдан кейін еттартқыштан өткізу керек

Осы жұмыстар аяқталған соң қазан-ошақты дайындаймыз. Мүмкіндігінше кәдімгі дала отын пайдалану керек. Газға піскен салатта далада піскен салаттағыдай дәм болмайды. Жерошаққа қойылған қазан жақсы.

Жазда асхананың іші ысып кететіндіктен, биыл темір ошаққа пісірдік. Көктемде жасатқанбыз. Қазанның үлкенірек болғаны жақсы. Кемі 30-40 литрлік. Бірақ, аса үлкендері де қолайсыздық туғызады.

Темірден жасалған ошақ пен 30 литрлік қазанОтты үзбей жағу керек

Алдымен қазанның астына от жағамыз. Тезек және ағаш отын кезегімен жағылады. Екеуі де керек. Қазан қызған соң өсімдік майын құямыз. 1-2 минуттан соң пияз саламыз.

Шамамен 700 грамдай май құямызЕң бірінші пияз салып, қуырып аламыз

Осыдан кейін туралған көкөністерді кезегімен сала береміз. Ескеретін жайт — әр көкөністі салған соң 3-4 минут жеке-жеке қуыру керек. Олар майда біраз жұмсаруы тиіс. Бәрін бірден салсаңыз, шала қуырылады.

Пияздан кейін сәбізді қуырамызОдан кейін — баклажан

Осы жұмыстармен қатар міндетті түрде бір адам банкілерді залалсыздандырып жатады. Яғни, стерильдеу. Ол үшін газ жағып, үстіне шәугімге жартылай су құямыз. Ішіне банкінің қақпақтарын салып, қайнатамыз. Ал банкінің өзін шәугімнің ішіне түсіп кетпейтіндеп етіп, аузына қоямыз. Су қайнап, банкінің іші булануы тиіс. Бұл — аса маңызды жұмыс.

Банкі булауШәугімнен алған банкані қақпағын жауып, таза жерге қоямыз

Бұл уақытта салатымыз қуырылып жатыр. Кезек болгар бұрышына келді.

Қазанға болгар бұрышын саламызМұқият араластырып, қуырамыз

4-5 минут өткен соң шара толы қызанақты алып келіп, қазанға құямыз. Шараны, ләжі болса, ер адамға көтертіңіз. Себебі, ауыр.

Енді қазанның астына үзбей, біркелкі от жағып, кемінде 45 минут қайнатамыз. Осы уақыттың бәрінде от үзілмеуі тиіс. Бұл үшін тезек жақсы. Ол жайлап, үзбей жанады.

Тиісті уақыт өткен соң қазан-ошақтың қасына үстел әкеліп, үстіне стерильденген банкілерді тасу керек. Дайын салатты ожаумен құямыз. Шыны ыдыстың ернеуінен асырып жібермеу керек. Бұл жерде тәжірибе аса маңызды.

Ең маңызды жұмыс — банкінің қақпағын бұрау. Мұны біздің үйде мамам істей алады. Анамның белі шыдамай кеткенде әкемнің аздап бұрайтыны бар. Оған мол тәжірибе керек. Айтып, үйреткенмен, алып кету оңай емес. Жылдар бойы қайталап жасай бергеннен кейін ғана қол үйренеді.

Жауып болған соң банкілерді қараңғылау жерге жинау керек. Алғашында төңкеріп жинаймыз. Осы кезде қақпақтың жан-жағынан су ақпауы тиіс. Бұл — банкінің мұқият жабылғанының белгісі.

Банкілер осылайша ертеңіне кешке дейін тұрып, содан кейін қарай оң қаратып қоямыз. Тағы бірнеше күннен кейін жертөлеге жинай беруге болады. Ас болсын!

Сөз соңы. Бұл жолы жоғарыда айтылған өнімдердің барлығынан 18 литр салат жасалды. Екі литрлік 9 банкі. Осыған қарап, жабатын салаттың көлемін шамалай беруге болады.

2014 жыл, 3 қыркүйек. «Оңтүстік Рабат» газеті, № 36

kz.otyrar.kz

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Қызылша — дәмді, құрамында пайдалы дәрумендері мен қанты көп, денсаулыққа пайдалы көкөністердің бірі. Ол ағзада қанның көбеюіне жағдай жасайды. Ең бастысы, одан кез келген адам сүйіп жейтін салаттардың түрлісін әзірлеуге болады. Назарларыңызға қызылшадан әзірленген 3 түрлі салат ұсынамыз. 

Қызылша мен қара өріктен әзірленген салат

(Ингредиенттер 4 адамға есептелген)

Қажет азық-түліктер тізімі:

— 1 кг қызылша;

— 200 г қара өрік;

— 200 г сары өрік;

— 5 грек жаңғағы;

— 250 г майонез;

— тұз.

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатып, қабығын аршимыз. Кептірілген жемістер қатты болса, ыстық суға салып, жұмсартып аламыз. Жұмсарған соң оларды кесеміз. Бірақ өте кішкентай қылудың қажеті жоқ. Грек жаңғақтарын да кесеміз. Барлығын қызылшамен араластырып, тұз себеміз, кейін майонезбен араластырамыз.

Корейше қызылша

(Ингредиенттер 10 адамға есептелген)

Қажет азық-түліктер:

— 500 г қызылша;

— 3 тіс сарымсақ;

— 0,5 шай қасық қызыл бұрыш;

— 1 шай қасық үгітілген күнзе;

— 70 мл сірке қышқылы;

— тұз.

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Әзірленуі:

Қызылшаны жақсылап жуып, суға салып қайнатыңыз. Артынша үккіштен өткізіңіз немесе жіңішке қылып тураңыз. Ыдысқа салыңыз. Ал сарымсақты ұсақтап тураңыз. Артынша қызылшаның үстіне сарымсақты салып, тұз себіңіз, сірке қышқылын қосыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Қызылшаны ыдысымен қайнап тұрған судың үстіне қойып, 20 минут бойы ішіндегі тағамдарды араластырыңыз. Артынша оттан алып, бұрыш, күнзе және натрий глютаматын қосыңыз. Өсімдік майын салатқа құймас бұрын, табаға құйып ысытып алыңыз. Артынша қызылшаның үстіне құйып, барлығын 12 сағатқа қалдырыңыз.

Фаршталған қызылша

Қажет азық-түліктер тізімі:

— 400 г қызылша;

— 300 г сиыр еті;

— 2 бас пияз;

— қаймақ;

— өсімдік майы;

— тұз;

— қара бұрыш.

Қызылшадан әзірленетін салаттар

Әзірленуі:

Қызылшаны қайнатыңыз. Ет пен пиязды және дәмдеуіштерді бұқтырыңыз. Піскен қызылшаның қабығын аршып, ортасын ойып алыңыз. Осы ортасына бұқтырған ет пен пиязымызды салып, бетіне қаймақ жағып, 15 минутқа пешке салыңыз. Артынша дайын болған тағамды көк шөппен безендіріңіз. Фаршқа күріш немесе мейіз, күріш, қатық пен қант қосылған тәтті фарш қосуға болады. Осымен салаттарымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын!

massaget.kz

​Қызылша қосылған салаттар | Reactor.inform.kz

Корейша жасалған қызылша салаты


Піскен қызылшаны тазалап үккіштен өткіземіз.
 
Су,май,тұз,қант,сарымсақ пен сірке суын араластырып салаттың үстіне қуямыз да тоңазытқышқа әбден сіңгенінше қоямыз.

Фета қосылған қызылша салаты


Піскен қызылшаны ұсақтап турап үстіне төртбұрыштап тұралған фетаны қосамыз.
 
Үй тұздығын даярлау үшін лимон шырынын,зәйтун майы мен тұзды араластырып салаттың үстіне құямыз.

Тауық еті қосылған қызылша салаты
 

Артық салмақ тастағысы келетіндерге салаттың  тамаша рецепті.
Майонезсіз және артық калориясыз.

Тауықтың төс еті мен қызылшаны пісіріп аламыз.
Жаңғақтарды табаға аздап қуырамыз.Ұсақтап туралған етті,жаңғақтар мен йогуртты аралыстырып үстіне үккіштен өткізілген қызылшаны қосамыз.
Салаттың бетін көк пияз бен ақжелкен қосып әсемдейміз.

Апельсин қосылған салат


Ингредиенттердің ерекше үйлесімділігі бұл салатқа өзгеше дәм беретіні сөзсіз.

Пісірілген қызылшаны төртбұрыштап ұсақтап турап аламыз да үстіне алдын ала дайындалған тұздықты құямыз.
Тұздық: жарты апельсиннің шырыны  мен зәйтун майы және бальзамикалық сірке суы.

Жаңғақ пен ірімшік қосылған салат


Кесек үккіштен ірімшік ,қызылша мен жұмыртқаны өткіземіз.
Үстіне көк бұршақ,қара бұрыш пен үгітілген сарымсақты қосамыз.
Тұздығына майонез қосылған кілегейді құямыз.
Бетіне ұсақталған жаңғақтарды себеміз.

Қара өрік қосылған салат


Қызылша тек тәтті ғана емес сонымен қоса қышқыл немесе ащы тағамдармен де жақсы үйлеседі.
Соның дәлелі ретінде ақжелкек қосылған қара өрік салаты.
Алдымен қара өрікті 10-15 минутқа ыстық суға салып қоямыз.Уақыт өткен соң сығып алып ұсақтап тұраймыз.
Үккіштен өткізілген ақжелкек пен йогурт қосып бұрыштап,тұздап тоңазытқышқа қоямыз.
Пісірілген картоп пен қызылшаны,алманы ұзыншақтап тұрап аздап қуырылған асқабақ дәндерін қосамыз да жақсылап араластырып алып дастарханға қоя береміз.

«Сыпырғы» салаты
 

Диеталық салаттардың ішінде бұл салаттың алатын орны ерекше.Құрамындағы тағамдардың арқасында ішектерді тазалап ас қорыту жүйесін жақсартады.

Барлық көкөністер шикі күйінде пайдаланылады.Орамжапырақ ұсақтап жіңішкелеп тураймыз,қызылша мен сәбізді үккіштен өткіземіз.
Лимон шырыны мен зәйтун майын қосып араластырамыз.
Бетін аскөкпен әшекейлейміз.

sovkusom.ru
 

reactor.inform.kz

Жаңа жылдық салаттар мәзірі

Әне-міне дегенше жаңа жыл да келіп қалады. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын салат дайындағыңыз келсе, мына мәзірлерді қарап көріңіз.


фото: zdorovakrasiva.com

«Жаңа жыл» салаты

фото: img11.postila.ru

Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. тауық еті
  • Дәміне қарай тұз қосылады.
  • 340 гр. консервіленген жүгері
  • 2 дана киви
  • 150 гр. сыр
  • 4 дана жұмыртқа
  • 1 дана сәбіз
  • 6-7 ас қасық майонез

Дайындалу тәсілі:

  1. Барлық керекті өнімдерді алдын ала дайындап аламыз. Тауық етін, сәбізді, жұмыртқаны қайнату керек. Сосын тауық етін сүйегінен ажыратып, майдалап тураймыз. Сәбіз бен жұмыртқаны ірі үккіштен өткіземіз. Ал, сырды майда үккіштен өткізген дұрыс. Жүгеріні ашып, суын төгіп тастаймыз.
  2. Енді осы өнімдерді кезек-кезегімен тәрелкеге қабаттап салу керек. Әрбір қабатитың арасына майонез жағып отыруды ұмытпаймыз.
  3. Бірінші қабат – жұмыртқа мен майонез.
  4. Екінші қабат — тауық еті. Майонез жағып, тұз себелейміз.
  5. Үшінші қабат – үккіштен өткізілген сәбіз.
  6. Төртінші қабат – сыр. Сырды салаттың барлық беріне себелейміз. Сосын оның бетіне жүгеріні суреттегідей етіп орналастырып шығамыз.
  7. Зәйтүннен доңыздың көздерін жасап, шұжықтан құлағы мен құйрығын жасауға болады. Кивидің қабығын аршып, ортасынан бөлесіз де, жартылай дөңгелек қалпында турап, салатты суреттегідей етіп әсемдеп шығасыз. «Жаңа жыл» салаты дайын!

«Шырша» салаты

фото: avatars.mds.yandex.net

Қажетті өнімдер:

  • 130 гр. шұжық
  • 100 гр. консервіленген жасыл бұршақ
  • 50 гр. сыр
  • 2 дана жұмыртқа
  • 1 дана балғын қияр
  • 1 бума аскөк
  • 2 ас қасық майонез
  • Әсемдеу үшін қызанақ пен консервіленген жүгері қажет.
  • Дәміне қарай тұз салынады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Қиярды текшелеп әрі ұсақтап турау керек.
  2. Шұжықты да дәл солай труаймыз. Сырды үккіштен өткіземіз.
  3. Барлығын бір табаққа салып араластырып, консервіленген жасыл бұршақты, қайнатылып туралған жұмыртқаны, майонезді саламыз.
  4. Дәміне қарай тұз салып, барлығын жақсылап араластырамыз.
  5. Енді осы араласпаны тәрелкеге саламыз. Салатты тәрелкедегідей шырша жасай салуц қажет. Бетіне майдалап туралған аскөкті себелейміз де, қызанақпен, жүгерімен ойыншықтарын жасаймыз.
  6. Мінекей, шыршамыз да дайын болды.

Астарыңыз дәмді болсын! Жаңа жыл құтты болсын!

Дайындаған: Құрманкүл ӘТИ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Өз қолыңызбен шұжық жасап көрдіңіз бе?

Вареник қамырын қалай илейді?

Қысқа арнап қырыққабат дайындап үлгердіңіз бе?

ernur.kz

Отправить ответ

avatar
  Подписаться  
Уведомление о